ЖАРИЯ ОФЕРТА ШАРТЫ

«Melissimo сауда белгісі» заңды тұлғасының

(бұдан әрі – Melissimo компаниясы)

Осы жария оферта (бұдан әрі – Оферта) Melissimo компаниясы мен қызметтерді пайдаланушы жеке тұлғаның (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) арасында жасалған, онлайн алаңның ресурстарын пайдаланып, тапсырыстың, жұмыстардың және/немесе қызметтердің талаптарын анықтайтын Шарт болады.

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    1. Melissimo компаниясы осы Офертаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 395, 396 және 447 баптарына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға ұсынып, жариялайды.
    2. Осы Оферта, өзге Шарттар сияқты, Melissimo компаниясы мен Сатып алушының (Офертаны құптаған тұлға) арасындағы өзара әрекеттестіктің маңызды шарттарын анықтайды.
    3. Осы Оферта Melissimo компаниясы мен Сатып алушының арасында тапсырысты рәсімдеу сәтінде жасалады.
    4. Melissimo компаниясы www.melissimo.kz сайтында өткізетін/ұсынатын тауарды сатып алу, жұмысқа және/немесе қызметке тапсырыс беру ниеті бар, Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген жеке немесе заңды тұлға Офертаны қабылдай алады.
    5. Сатып алушы тұтас офертада көрсетілген барлық талаптарды сөзсіз қабылдайды (яғни, толықтай).
    6. Жеке немесе заңды тұлға осы Офертаның талаптарын қабылдаса, Сатып алушыға айналады.
    7. Melissimo компаниясының жеке немесе заңды тұлғаның тарапынан Melissimo компаниясы ұсынған шарттарға сәйкес тауар, жұмыс және/немесе қызметті сатып алу ниеті туралы хабарламаны алуы Офертаны құптау болып есептеледі.
    8. Оферта, оның қосымшалары, оған енгізілген барлық өзгерістер және Melissimo компаниясының тауарлары, жұмыстары және/немесе қызметтері туралы барлық қосымша ақпарат www.melissimo.kz сайтында жарияланған.
  1. MELISSIMO КОМПАНИЯСЫНЫҢ САЙТЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
    1. www.melissimo.kz ресми сайты – Melissimo компаниясының меншігі. Ол тауарларды, жұмыстарды және/немесе қызметтерді интернет желісі арқылы қашықтан сату тәсілін ұйымдастыруға арналған.
    2. Сатып алушы Офертаны құптай отырып (яғни, www.melissimo.kz сайтында немесе кез келген қолжетімді мессенджерде Melissimo компаниясының маманы арқылы рәсімделген тапсырыс үшін төлем жасап), www.melissimo.kz сайтында орналастырылған ақпаратта белгіленген шарт және тәртіп бойынша тауарларды, жұмыстарды және/немесе қызметтерді өз меншігіне алады.
    3. Melissimo компаниясы www.melissimo.kz сайтында тапсырысты рәсімдеген кезде Сатып алушы ұсынған ақпараттың мазмұны мен дұрыстығына жауапкершілік алмайды.
  1. САТЫП АЛУШЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
    1. Сатып алушы тапсырысты рәсімдеген кезде ұсынған ақпараттың дұрыстығы үшін және оған үшінші тұлғалардың тарапынан кінәрат-талаптардың жоқ екендігі үшін жауапты болады.
    2. Сатып алушы осы Офертада белгіленген шарттарға сәйкес тапсырысты рәсімдеу кезінде «Тапсырыс берудің шарттарын қабылдаймын» деген жолға белгі қою арқылы өзінің келісім бергенін растайды.
    3. Сатып алушы ұсынған ақпарат құпия болып есептеледі және үшінші тұлғаларды тарту арқылы осы офертаның міндеттемелерін орындауға қатысты жариялануын есептемегенде, үшінші тұлғаларға жарияланбайды.
    4. Сатып алушы өзінің дербес деректерін ұсынған кезде, өзінің әрекеттері арқылы тек пайдаланушылық келісім мен тапсырысты орындау мақсатында және осы Офертада көрсетілген жағдайларда өзінің дербес деректерін өңдеуге және үшінші тұлғаларға (нақтырақ айтқанда, курьерлік қызметке) жіберуге келісімін береді.Сатып алушы тігуге тапсырысты кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ және тек жеке, отбасылық, үй қажеттіліктері мақсатында жасайды. Melissimo компаниясының тауарларды, жұмыстарды және/немесе қызметтерді қарау мен таңдауға, тапсырысты рәсімдеуге арналған ресурстарын пайдалану Сатып алушы үшін тегін болады.
  1. ОФЕРТАНЫҢ МӘНІ
    1. Melissimo компаниясы www.melissimo.kz сайтында белгіленген шарттар мен бағаларға сәйкес Сатып алушы жасаған тапсырыстардың негізінде Сатып алушыға тігу қызметін ұсынады.
    2. Сатып алушы тапсырыс берген және төлем жасаған тауарларды, жұмыстарды және/немесе қызметтерді жеткізуді Melissimo компаниясының өзі немесе Melissimo компаниясы өз міндеттерін орындау үшін тартқан үшінші тұлғалар жүзеге асырады. Сатып алушы тауарды, жұмысты және/немесе қызметті Melissimo компаниясы орналасқан жерден өзі алып кетуге құқылы. Сатып алушы тапсырысты рәсімдеген кезде оған жеткізу тәсілін таңдау құқығы беріледі.
    3. Сатып алушы мен Melissimo компаниясының арасындағы қатынасқа ҚР АК және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚРЗ ережелері, Тараптардың осы Офертада көрсетілген құқықтары мен міндеттерін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге нормативтік-құқықтық актілері қолданылады.
    4. Melissimo компаниясы Сатып алушының тарапынан Melissimo компаниясы ұсынған шарттарға сәйкес тауар, жұмыс және/немесе қызметті сатып алу ниеті туралы хабарламаны алған сәттен бастап жеке немесе заңды тұлға Офертаның барлық шарттары мен оның барлық қосымшаларын толық қабылдаған (құптаған) болып есептеледі. Оферта құпталған жағдайда, жеке немесе заңды тұлға Melissimo компаниясымен тапсырыс берілген тауарларды, жұмыстарды және/немесе қызметтерді Сату-сатып алу шартын жасасқан болып саналады және Сатып алушы мәртебесіне ие болады.
  1. САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТЫН ЖАСАУ ТӘРТІБІ
    1. Сатып алушы www.melissimo.kz сайтында немесе кез келген қолжетімді мессенджерде Melissimo компаниясының маманы арқылы Сату-сатып алу шартының талаптары бойынша тапсырысты рәсімдей алады.
    2. Melissimo компаниясының сайтында тапсырысты рәсімдеген кезде Сатып алушы келесі деректерді ұсынуға міндетті:
      • Аты-жөні;
      • Тауарды жеткізу мекенжайы;
      • тапсырыс берушінің немесе алушының байланыс телефоны.
    3. Сатып алушының www.melissimo.kz сайтында немесе ақпараттық-телекоммуникациялық құралдарды пайдаланып, Melissimo компаниясының маманы арқылы өтінім беру түрінде тиісті деректерді енгізуі оның өз еркін білдіруі болады.
    4. Melissimo компаниясы Сатып алушы туралы ақпаратты түзетпейді.
  1. ТАУАР/ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
    1. Тауарлар, жұмыстар және/немесе қызметтер www.melissimo.kz сайтында графикалық сурет-бейнелер арқылы көрсетіледі және Melissimo компаниясының меншігі болады.
    2. Әрбір графикалық суретпен және үлгімен бірге мәтін түріндегі ақпарат беріледі: атауы, өлшем қатары (қажет болған жағдайда), бағасы және сипаттамасы.
    3. Melissimo компаниясының сайтында ұсынылған барлық ақпараттық материалдар анықтамалық сипатта болады және түсін, өлшемін, түрін және т.б. қоса алғанда, тауардың, жұмыстың және/немесе қызметтің қасиеттері мен сипаттамалары туралы ақпаратты толық көлемде бере алмайды. Сатып алушының экранының түсті көрсетудегі шектеулері және түске қатысты жеке баптаулары негізгі түсті сәл бұрмалауы мүмкін./li>
    4. Melissimo компаниясы ұсынылатын реңктерді барынша дәл сипаттау үшін барлық орынды шараларды қолданады. Бұл ретте Melissimo компаниясы түстердің сәл өзгеше болуы мүмкін екендігін ескертеді. Түймеліктердің/фурнитуралардың/сәндік элементтердің саны және олардың арасындағы қашықтық өлшемге байланысты өзгеруі мүмкін. Сатып алушыда тауарлардың, жұмыстардың және/немесе қызметтердің қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Сатып алушы тапсырыс берер алдында сайтта көрсетілген байланыс түрлері арқылы Melissimo компаниясының маманына жүгінуі тиіс.
    5. Сатып алушының өтініші бойынша Melissimo компаниясының маманы Сатып алушы тауарларды, жұмыстарды және/немесе қызметтерді сатып алу туралы шешім қабылдау үшін қажет және жеткілікті деп санайтын өзге ақпаратты ұсынуға міндетті.
    6. Сатып алушы тауарлардың, жұмыстардың және/немесе қызметтердің кемшіліктеріне (ақауларына) байланысты белгіленген жеңілдіктер бойынша тауарларды, жұмыстарды және/немесе қызметтерді сатып алған кезде өзінің бұдан әрі мұндай кемшіліктерге (ақауларға) сүйену құқығынан айрылатыны туралы хабардар етілді.
    7. Melissimo компаниясы төлем шотында жеке жайғасымдар түрінде көрсетілген тауарлар, жұмыстар және/немесе қызметтердің кез келген жағдайда жиынтық болмайтыны туралы Сатып алушыны хабардар етті.
  1. ТАУАРДЫ САТЫП АЛУ ТӘРТІБІ
    1. Сатып алушы www.melissimo.kz сайтында ұсынылған кез келген тауарға, жұмысқа және/немесе қызметке тапсырыс беруге құқылы. Әрбір тауарға, жұмысқа және/немесе қызметке кез келген мөлшерде тапсырыс беруге болады. Науқан өткізу, тауарды, жұмысты және/немесе қызметті сатылымнан алып тастау және т.б. жағдайларда, бұл ережеге бағынбайтын жағдайлар әр тауардың, жұмыстың және/немесе қызметтің сипаттамасында көрсетіледі.
    2. Сатып алушы тапсырысты www.melissimo.kz сайтында немесе кез келген қолжетімді мессенджерде Melissimo компаниясының маманы арқылы рәсімдей алады.
    3. Melissimo компаниясы тапсырыс дайын болғаннан кейін дайын тапсырысты фотоға және бейнеге түсіру қызметін көрсетпейді, тапсырысты бірден қаптап, жеткізуге жөнелтеді.
      Қоймада тапсырысты орындау үшін қажет материалдар болмаған жағдайда, Melissimo компаниясының маманы Сатып алушыны осы туралы хабардар етуге міндетті (телефон немесе мессенджерлер арқылы).
    4. Сатып алушы қоймада өндіру үшін қажет материалдар уақытша жоқ болған тауарларға алдын ала тапсырыс беруге құқылы.
    5. Сатып алушы қоймада өндіру үшін қажет материалдар уақытша жоқ болған тауарларға алдын ала тапсырыс беруге құқылы.
    6. Қоймада тауарды өндіру үшін қажет материалдар болмаған жағдайда, Сатып алушы оны басқа тауармен алмастыруға немесе тапсырысты жоюға құқылы.
    7. Тауарды өндіру мерзімі 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды және Melissimo компаниясы Сатып алушының тарапынан Melissimo компаниясы ұсынған шарттарға сәйкес тауарды сатып алу ниеті туралы хабарламаны алғаннан кейінгі күннен бастап есептеледі. Жөнелту мерзімі тапсырысты өндіру аяқталғаннан кейінгі келесі күннен бастап есептеледі.
  1. ТАУАРЛАРДЫҢ, ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БАҒАСЫ
    1. www.melissimo.kz сайтында көрсетілген баға тауардың бір данасы үшін Қазақстан Республикасының теңгесімен көрсетілген.
    2. Melissimo компаниясы www.melissimo.kz сайтында көрсетілген бағаны біржақты тәртіпте өзгертуі мүмкін, бұл ретте Сатып алушы тапсырыс берген және төлем жасаған тауардың, жұмыстың және/немесе қызметтің бағасы өзгертілмейді.
    3. Тапсырыстың толық құны каталогта көрсетілген тауар құндарынан тұрады, ал жеткізу құны бөлек есептеледі.
    4. www.melissimo.kz сайтында тауарларды, жұмыстарды және/немесе қызметтерді сатып алған кезде Сатып алушыға ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың және/немесе қызметтердің құны әр үлгі-тауардың астында көрсетілген.
  1. ТАУАР/ҚЫЗМЕТ ҮШІН ТӨЛЕМ ЖАСАУ
    1. Тігу қызметі үшін төлем жасау тәртібі мен тәсілдері www.melissimo.kz сайтында баяндалған
      Тігу қызметіне қолма-қол ақшамен төлем жасау қарастырылмаған.
    2. Қолма-қол ақшасыз төлем жасау эквайринг жүйесі арқылы жүргізіледі.
    3. Сатып алушы Melissimo компаниясының сайтында қолжетімді кез келген тәсіл арқылы тапсырысқа төлем жасайды.
    4. Тапсырысқа төлем жасау кезінде Тараптар Қазақстан Республикасының теңгесімен есеп айырысады.
  1. ТАУАРЛАРДЫ ЖЕТКІЗУ
    1. Тігу қызметін және тауарды жеткізуді жүзеге асыру тәртібі, тәсілдері және мерзімдері www.melissimo.kz сайтындағы «Жеткізу» бөлімінде көрсетілген.
    2. Сатып алушы тауарды Осипенко 35а мекенжайынан өзі алып кете алады. Егер Сатып алушы тапсырысты үшінші тұлғалардың көмегімен алып кететін болса, онда тауарды тапсырған кезде Тауардың сақталуына жауапкершілік Melissimo компаниясынан үшінші тұлғаға көшеді.
      • Melissimo компаниясы рәсімделген тапсырыс пен жасалған төлем туралы хабарламаны алғаннан кейін, егер сатып алушы тапсырысты өзі алып кететін болса, телефон немесе мессенджер арқылы Сатушыға тапсырыстың дайын болғаны туралы хабарлап, тауарды өзі алып кету күнін келіседі.
      • Өзі алып кету орнының мекенжайы, байланыс телефондары және жұмыс кестесі мессенджерлердегі Melissimo компаниясының профиліндегі сипаттамасында көрсетілген. Сатып алушы тігу қызметі бойынша өндірілген дайын тауарды өзі алып кететін күн мен уақытты Melissimo компаниясының менеджерімен алдын ала келісуі керек.
      • Тауар Сатып алушыға немесе оның Өкіліне тапсырылған сәттен бастап тауардың меншік құқығы және кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі Сатып алушыға өтеді.
    3. Тауарды Melissimo компаниясының жеткізуі:
      • Тауарды шарттың орындалуына сәйкес Сатып алушыға немесе оның Өкіліне тапсырған сәттен бастап тауардың меншік құқығы және кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі Сатып алушыға өтеді.
    4. Тауарды тасымалдаушының жеткізуі:
      • Тасымалдаушы тауарды шарттың орындалуына сәйкес Сатып алушыға тапсырған сәттен бастап тауардың меншік құқығы және кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі Melissimo компаниясынан Сатып алушыға өтеді (Melissimo компаниясы мен Тасымалдаушының арасында жасалған шартқа сәйкес).
      • Тауарды Сатып алушыға тапсыру міндеті, соның ішінде 10.4.1.-тармақ тауар Сатып алушыға тапсырылған сәттен бастап орындалған болып есептеледі.
      • Тауарды жеткізу құны әр тапсырыс үшін тапсырысты жеткізетін мекенжайға, тасымалдаушының бағаларына, тапсырысты тасымалдаушыға тапсыруға жұмсалатын шығындарға сүйеніп есептеледі және Сатып алушы оны тапсырысты рәсімдеу сәтінде төлейді.
    5. Melissimo компаниясының мамандары Алматы қаласы бойынша сәлемдемелерді курьерлік қызмет арқылы жібереді. Сәлемдемені Тасымалдаушыға тапсырғаннан кейін жеткізуге байланысты барлық әрекеттерді курьерлік қызмет орындайды және Melissimo компаниясы курьерлік қызмет жұмысының алгоритміне ықпал ете алмайды. Курьерлік қызметтің өкілі сәлемдемені жеткізер алдында Сатып алушының сәлемдемені қабылдай алатынын растау үшін оған қоңырау шалады. Егер Тасымалдаушы Сатып алушы ұсынған телефон нөмірі бойынша байланыса алмаса, онда жеткізу келесі күнге қалдырылады.
    6. Сатып алушы тауарды алған кезде Melissimo компаниясының серіктесінің (тасымалдаушының) көзінше тапсырыстың бүлінбегенін тексеруі және тауар атауы бойынша тауардың саны, сапасы, жиынтықтылығы түгел екеніне көз жеткізуі тиіс.
    7. Сатып алушы немесе оның Өкілі тауарды қабылдаған кезде тауар немесе тасымал жүкқұжатына қол қойып, тауардың сыртқы түріне және жиынтықтылығына кінәрат-талабы жоқ екенін растайды.
  1. САПА КЕПІЛІ
    1. Melissimo компаниясы өндірген Тауардың сапа кепілі Тауардың сапасын және оның белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын, өкілетті органдар берген тиісті Сертификаттармен расталған.
    2. Тапсырысты алған кезде өндірілген тапсырыста кемшіліктер анықталған жағдайда, Сатып алушы дереу ақауды түсіріп алып, бұл туралы сайтта көрсетілген нөмір бойынша Melissimo компаниясының маманына хабарлауы керек. Melissimo компаниясы ақауы анық көрінетін бұйымды дереу алып кетіп, алмастырып беруге міндеттенеді.
    3. Бұйымды алмастыру мерзімі жеке келісіледі. Пайдаланылып қойған және/немесе мақсатына сай емес немесе Тауардың осы түріне арнап белгіленген нормалар мен ұсынымдарды сақтамай пайдаланылған, сонымен қатар осы Офертада және Сату-сатып алу шартында белгіленген бұйымдар үшін бұл шарт қолданылмайды.
    4. Егер Сатып алушы сапасы лайықсыз, яғни, стандарттың техникалық регламенттерінің, нормативтік құжаттарының талаптарына, Шарттың талаптарына, Melissimo компаниясы ұсынған тапсырыс туралы ақпаратқа сәйкес келмейтін тауар алдым деп есептесе, онда Сатып алушы info@melissimo.kz электронды мекенжайына жағдайды толық сипаттап, өтініш жазуы керек.
  1. ТАУАРДЫ ҚАЙТАРУ
    1. Тігу қызметі бойынша тапсырыспен тігілген және/немесе жеке ерекшеліктері бар, сапасы лайықты бұйымдар алмастырылмайды және қайтарылмайды. Сатып алушы осы Офертаны құптаған кезде осы шартқа келіседі және тұтас офертада жазылған барлық талаптарды сөзсіз қабылдайды (яғни, толықтай).
    2. Егер Сатып алушыға өлшемі тура келмесе немесе тігу технологиясы ұнамаса, Melissimo компаниясы бір рет тегін түзету қызметін ұсынады. Melissimo компаниясы Сатып алушыны толық қанағаттандыру және дауларды реттеу үшін қолынан келетін барлық әрекеттерді жасайды, бірақ бұйымды түзету технологиялық себептерге байланысты мүмкін болмаған жағдайда, Сатып алушының тауарды алмастыруды немесе ақша қаражаттарын қайтаруды талап ету құқығы жоқ.
    3. Бұйымды түзету қызметін пайдаланған кезде Тауарды тасымалдауға жұмсалатын барлық шығындар толықтай Сатып алушыға жүктеледі.
    4. Melissimo клубының қатысушылары арнайы бағамен сатып алған бұйымдар ешқандай жағдайда түзетуге, айырбастауға және қайтаруға жатпайды. Тапсырыс беру кезінде Сатып алушы осы Шартпен толық және сөзсіз келіседі
  1. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
    1. Тараптар ҚР заңнамасына сәйкес жауапты болады.
    2. Melissimo компаниясы Сатып алушының www.melissimo.kz сайтында тапсырыс берген тауарларды, жұмыстарды және/немесе қызметтерді тиісті түрде пайдаланбауының салдарынан Сатып алушыға келген залал үшін жауапкершілік алмайды.
    3. Тараптар еңсерілмейтін күш мән-жайлары әрекет еткен кезде Оферта бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
  1. ҚОСЫМША ТАЛАПТАР
    1. Melissimo компаниясы мен Сатып алушының арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар қолданылады.
    2. Сатып алушы мен Melissimo компаниясы қажет болған жағдайда, кез келген уақытта осы Офертаның талаптарына қайшы келмейтін, жазбаша екіжақты келісім түріндегі тауарды сату-сатып алу шартын рәсімдеуге құқылы.
    3. Сатып алушыда сұрақтар мен кінәрат-талаптар туындаған жағдайда, Сатып алушы info@melissimo.kz электронды мекенжайы бойынша Melissimo компаниясына жүгінуі тиіс.
    4. Осы Оферта оны Сатып алушы құптаған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар осы Оферта бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.
    5. Тараптардың осы Оферта бойынша өз міндеттемелерін орындауы барысында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі, егер оларды келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаса, Тараптар мұндай дауларды шешу үшін Қазақстан Республикасының сот органдарына жүгінуге құқылы.
    6. Melissimo компаниясы сайттағы тауар ұсыныстарын кеңейту және қысқарту, барлық тауарларды, жұмыстарды және/немесе қызметтерді сатып алу қолжетімділігін реттеу және өз шешімі бойынша кез келген тауардың, жұмыстың және/немесе қызметтің сатылымын тоқтата тұру немесе тоқтату құқығын өзіне қалдырады.
  1. МЕКЕНЖАЙЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

Атауы: Melissimo сауда маркасы

Заңды мекенжайы: Алматы қ., Осипенко көшесі, 35А

БИН: 910702400746

р/с в тенге: KZ05722S00000156967

AO «KASPI BANK»

БИК: CASPKZKA

Қайтару шарттары

Назар аударыңыз: Тігу қызметі бойынша тапсырыспен тігілген; жеке ерекшеліктері бар бұйымдар алмастырылмайды және қайтарылмайды.

Бұл шарт сіздің заңда қарастырылған ешқандай құқықтарыңызды бұзбайды.

Дегенмен, біз әрдайым сіздерге түсіністік танытуға дайынбыз және сізге өлшемі тура болмаған немесе тігу технологиясы ұнамаған жағдайларда, бұйымды сіздің критерийлеріңіз бойынша түзетуге дайынбыз.

Мұндай жағдайда жеткізуді сатып алушы төлейді.

Менің себетім
Жабу Таңдамалы
Close Recently Viewed
Санаттар